Израиль билігі ХАМАС-ты жоятынын мәлімдеді

ВВС-дің жазуынша Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху ХАМАС тобының әр мүшесі "өлік" екенін айтқан, деп хабарлады Азаттық.

Алматы, NEGE. Әлем "Ислам мемлекеті" террор тобының көзін қалай құртса, Израиль де ХАМАС-ты солай жояды, деп мәлімдеді Нетаняху сәрсенбіде төтенше үкімет құрылғаннан кейін өткізген алғашқы баспасөз мәслихатында.

ХАМАС сенбіде тұтқиылдан шабуыл жасағаннан кейін Израильдің осы топқа не істемек ниеті барын алғаш рет нақты айтты деп хабарлады ВВС. Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі, "Ұлттық бірігу" оппозициялық партиясының лидері Бени Ганц төтенше үкімет құрамына өзінің енуі елдің жұмылып, бірлескенін көрсетеді деп мәлімдеді.

Егер Ливан тарапынан шабуылдар жасалатын болса, Израиль қажет деп тапқан қатаң шаралармен жауап беретін болады деп мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды