Израиль Йеменді атқылады
Израиль әскері Йемен аумағына бірнеше соққы жасады. Нысанаға хуситтердің әскери объектілері алынғанымен, бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдар кезінде азаматтық ғимараттар да зардап шеккенін хабарлады.
Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, 35 адам қаза тауып, 131 адам жараланды.
Йеменнің астанасы Санада және Эль-Джауф провинциясындағы хуситтердің әскери нысандарына жасалған шабуыл туралы Израиль Қорғаныс армиясы хабарлады.
«Біраз уақыт бұрын Израиль Әуе күштері Йемендегі Сана және Эль-Джауф аудандарында хуситтердің террористік режиміне тиесілі әскери нысандарға соққы жасады. Жойылған нысандардың арасында – террористік режим содырлары анықталған әскери лагерьлер, хуситтердің әскери ақпарат бөліміне тиесілі штаб-пәтер және жанармай қоймасы бар», – деп келтірілген армияның баспасөз қызметінің хабарламасында.