Израиль соққысы кезінде Иран президенті жараланды

Иран президенті Масуд Пезешкиан маусым айының ортасында Израиль әуе соққысы кезінде аяғынан жеңіл жарақат алған.

Farm

Алматы, NEGE. Fars агенттігі дереккөздерінің ақапарты бойынша, Израиль әскери операциясының үшінші күні Тегеранның батыс бөлігіндегі жерасты кешені зымыранмен атқыланған. Сол уақытта кешен ішінде президент, парламент спикері, сот жүйесінің басшысы және өзге де жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан жабық кеңес өтіп жатқан.

«Израиль әскері алты зымыранмен кешеннің кіреберісі мен шығаберісін атқылады. Мұндай тактика бұған дейін, 2024 жылдың қыркүйегінде, Ливандағы «Хезболла» жетекшісі Хасан Насраллаға қарсы операция кезінде қолданылған», — деп жазды басылым.

Соққыдан кейін кешен жарықсыз қалған. Алайда жиналысқа қатысушылар балама жол арқылы сыртқа шығып үлгерген. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, шабуыл орны туралы ақпаратты Израильге жұмыс істейтін агент берген болуы мүмкін.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс 13 маусымға қараған түні басталды. Израиль авиациясы Иранның ядролық және әскери инфрақұрылым нысандарына соққы жасады. Оған жауап ретінде Иран Израиль аумағындағы бірнеше стратегиялық объектіні атқылады.

22 маусымға қараған түні АҚШ та Иранға қарсы операцияға қосылып, үш ядролық нысанды бомбалады. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасында уақытша бітім жасалғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?