Израиль мен Ираннан 336 қазақстандық эвакуацияланды

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен азаматтарын эвакуациялауды аяқтады.

Pixabay

Алматы, NEGE. Израиль мен Ираннан 336 қазақстандық эвакуацияланды. 24–27 маусым аралығында Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінен 1900-ден астам адам елге оралды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдік әріптестеріне алғыс білдіріп, жағдайды бақылауды жалғастыруда.