Израиль мен Иран арасындағы соғыс: Тель-Авив ИРСК генералын өлтіргенін мәлімдеді
Израиль Құдс арнайы бөлімшесінің негізгі командирлерінің бірі — Саид Изадиді өлтіргенін мәлімледі.
Алматы, NEGE. Reuters агенттігінің мәліметінше, соққы Иранның Қом қаласындағы тұрғын үйге жасалған. Бұл шабуылдар Тегеран мен Тель-Авив арасындағы кезекті қақтығыстар кезінде жасалған. Саид Изади — Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының сыртқы операцияларына жауапты “Құдс” күштерінің Палестина корпусын басқарған.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, генерал Изади ХАМАС ұйымын 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылға дейін қаржыландырып, қаруландырған. Бұл шабуыл кейінірек Газа секторында ауқымды соғыстың басталуына себеп болған. Кац бұл операцияны Израильдің әскери барлауы мен ӘӘК-нің “маңызды жетістігі” деп атады.