Израиль мен «ХАМАС» арасындағы келісімге қауіп төніп тұр

"Қазақсан" арнасының мәліметінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «ХАМАС»-пен уақытша бітімнің сенбі күні аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Depositphotos.com

Алматы, NEGE. «Егер «ХАМАС» сенбі күні түске дейін тұтқындарды бізге қайтармаса, уақытша бітім аяқталады. Израиль қорғаныс әскері «ХАМАС» толық жойылғанша, қарқынды әскери операцияларды қайта бастайды», – деді Нетаньяху.

Израиль мен «ХАМАС» арасында өткен айда жасалған келісімге сәйкес, сенбі күні 3 тұтқын босатылуы керек еді. Алайда «ХАМАС» бұл процесті кейінге шегеретінін мәлімдеді. Ұйымның айтуынша, мұндай шешімге Израильдің соңғы шабуылдары мен Газаға жөнелтілетін гуманитарлық көмектің аздығы себеп болған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды