Израиль Газа секторындағы Рафахтың тағы бірнеше ауданын эвакуациялайды

Израиль әскері Рафахтағы тағы бірнеше аудан тұрғындарынан қаладан кетуді талап етті.

ria.ru

Алматы, NEGE. Тұрғындарды тез арада Жерорта теңізі жағалауындағы Әл-Марвази лагеріне эвакуациялау тапсырылды, деп жазады DW.

Израиль армиясы 5 мамыр, сенбі күні Палестинаның Рафах қаласының тұрғындарын қаланың шығыс бөлігіндегі бірнеше аумақты тастап кетуге шақырды. Израиль әскерилері X әлеуметтік желісі және SMS арқылы таратқан араб тіліндегі хабарламада босатылуы керек нақты аймақтар, соның ішінде екі босқын лагері аталды.

Тұрғындарды тез арада Жерорта теңізі жағалауындағы Әл-Мазари лагеріне көшіру бұйырылды. Бақылаушылардың айтуынша, бұл Израиль армиясының Рафахтағы палестиналық ХАМАС радикалды қозғалысы содырларына қарсы әскери операцияларын кеңейтуге дайындалып жатқанын білдіреді.

Израильдің Рафахтағы әскери операциясы көптеген елдердің теріс реакциясын туғызды. АҚШ президенті Джо Байден егер бұл қалада ауқымды әскери операция басталса, Американың Израильге әскери көмегі тоқтатылатынын мәлімдеді.

БҰҰ-ның хабарлауынша, Мысыр шекарасындағы Рафахта Газа секторының басқа аймақтарындағы соғыстан қашқан миллионнан астам бейбіт тұрғындар пана тапты және ауқымды әскери операция олардың өміріне қауіп төндіреді.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?