Израиль әскері Газаға бір тәулікте 100 рет соққы жасады

Салдарынан 60-тан аса адам қаза тапты.

Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters

Алматы, NEGE. Израиль әскері кейінгі бір тәулікте Газа секторына 100-ден аса соққы жасады.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шабуылға босқындар лагері ұшыраған. Бірақ еврей елінің қарулы күштері тек ХАМАС инфрақұрылымдарын ғана атқылағанын айтады.

Өткен аптада Израиль Газада жаңа ауқымды әскери операциясын бастап шабуылдарын үдете түскен.