Израиль алдағы күндері Газа секторындағы әскери операциясын кеңейтуі мүмкін

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, еврей елінің билігі өңірге тағы мыңдаған жауынгер жіберуге дайындалып жатыр.

Mohammed Fayq Abu Mostafa / Reuters

Алматы, NEGE. Өйткені палестиналық ХАМАС ұйымымен шиеленіс ұзаққа созылып кеткендіктен, Биньямин Нетаньяхуға ел ішінде де, сырттан да қысым күшейген.

 Премьер-министр Газадағы жағдайға байланысты тіпті Әзербайжанға келесі аптаға жоспарланған іссапарынан бас тартуға мәжбүр болды. Бір жарым ай бұрын Израиль секторда әскери операциясын қайта бастаған еді. Бұдан бөлек, еврей елі 2 ай бойы өңірге сырттан гуманитарлық көмекті де кіргізбей отыр.