IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты

Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шыға бастады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Билеттер 11 қаңтар күннен бастап tickets.harbin2025.com сайтында және HARBIN 2025 мобильді қосымшасында сатып алуға болады. Ең қымбат билеттің бағасы 800 юань (56 мың теңге), ал ең арзан билеттің құны 120 юань (8400 теңге).

Еске салсақ, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстаннан 139 спортшы ел намысын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді