Иван Дычконың қарсыласы анықталды

Ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшы Иван Дычко 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешінде кіммен кездесетіні анықталды.

Алматы, NEGE. Дычко кәсіпқой рингте 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп, тағы бір кездесуін тең нәтижемен аяқтаған ресейлік боксшы Александр Устиновпен кездеседі. Оның еншісінде 27 нокаут бар. Устинов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізіп, WBC Азия чемпионы атағы үшін жекпе-жекте украин Владислав Сиренкодан мерзімінен бұрын жеңілген болатын.

Сондай-ақ, биыл наурызда ол Майамиде америкалық Террелл Джамал Вудспен жекпе-жек өткізіп, тең түсті. Ал 2020 жылдың шілдесінде Устинов уақытша WBA Asia титулы үшін жекпе-жекте отандасы Торнике Пуричамиашвилиді жеңді. Сондай-ақ, өз карьерасында Устинов WBA International, WBA Pan African және IBO Inter-Continental титулдарына ие болған.

Ауыр салмақ рейтингінде ресейлік боксшы 59-орында, ал Дычко 101-орында.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр