Иван Дычко аргентиналық боксшымен жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Ол аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) кездесті. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол соңына дейін созылды. Иван Дычко төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан боксшысы кәсіби спорттағы 12-інші жеңісіне қол жеткізді. И.Дычко барлық айқастарын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған болатын. Оның бұған дейінгі жекпе-жегі былтырғы желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында 45 жастағы ресейлік Александр Устиновқа (36-6-1, 27 КО) қарсы өтті. Ол оппонентін бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Кевин Эспиндола рингте осымен төртінші рет жығылып отыр. Ол биылғы сәуір айында төрешілердің бірауызды шешімімен жерлесі Науэль Паласиостадан (1-7, 0 КО) басым түсті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды