Иван Дычко Аргентинадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Дычко таразыда – 238,9 фунт (108,36 келі), Эспиндола 255,07 фунт (115,69 келі) көрсетті. Кездесу 24 маусым күні таңертең Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтеді. Иван Дычко мұның алдында рингке желтоқсан айында шықты. Ол бірінші раундта ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 КО) нокаутқа түсірген еді. Кевин Эспиндолаға келсек, биылғы жылдың сәуір айында ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен өз отандасы Науэль Паласиосты (1-7, 0 КО) ұтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды