Иван Дычко АҚШ-тың тәжірибелі боксшысымен жекпе-жек өткізеді

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11КО) алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Алматы, NEGE. «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, И.Дычконың айқасы 16 сәуір күні Американың Мерфрисборо (Теннесси штаты) қаласында өтеді. Оппоненті – жергілікті спортшы Дэниэл Мартц (20-10-1, 17КО). Кездесу 10 раундқа есептелген. Иван мұның алдындағы жекпе-жегін былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) жеңді. Қазіргі уақытта Дычко Флорида штатында дайындық өткізуде.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды