ITF World Tennis Tour M25 турнирі мәреге жетті

Елордада «Дәулет» теннис орталығында ITF World Tennis Tour M25 турнирі мәреге жетті.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында 21 жастағы қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев ресейлік Алибек Качмазовпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бейбіт үш сағатқа созылған матчта 3:6, 7:6 (7:5), 6:7 (4:7) есебімен есе жіберді. Бәсеке барысында Жукаев 23 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Осы жарыстың финалына дейін жетуінің арқасында Ақтау теннис мектебінің түлегі дүниежүзілік рейтингте 597-орынға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды