Италиялық мафия жетекшісі қалай ұсталды?
Мафия жетекшісі Марк Ферен Клод Бьар YouTube арнасында кулинарлық видео түсірем деп қолға түсіп қалды.
Алматы, NEGE. Dayli Mail басылымының жазуынша, 53 жастағы Марк Ференді Интерпол 2014 жылдан бері іздеп жүрген. Италиялық тағамдар дайындағанды жаны сүйетін мафиоз YouTube арнасына тағам пісіріп саламын деп қолға түсіп қалды.
Ол өзінің бет-бейнесін видеода көрсетпегенімен, Интерпол полицейлері оны қолындағы татуынан танып қойған.
Марк Ферен жетекшілік жасаған Ндрангетта мафиясы есірткі бизнесімен айналысып, күшейіп алғаны соншалықты, тіпті әйгілі Коза Нострадан да асып түскен.
Әлеуметтік желідегі арнаға тамақ пісіріп салмағанда мафиоз шалғайдағы Доминикан Республикасында тып-тыныш өмір сүре берер ме еді, кім білсін.