Италияда үйлер 1 еуродан сатылып жатыр ма?

Италияның Молизе облысындағы үйлер 1 еуродан сатылып жатқаны рас па?

Алматы, NEGE. Италияда Молизе облысындағы Кастропиньяно ауылында үйлер бір еуроға жаппай сатылып жатыр. Барлығы 150-ге жуық қараусыз қалған ғимарат бар. Бірақ оның біреуіне иелік ету үшін ауыл әкімімен сұхбаттасу қажет, деп жазды CNN travel. Ауыл халқының саны 900 адам ғана екеніне қарамастан (оның 60 проценті 70 жастан асқан адамдар), әкімдікке көптеген өтініштер келіп түскен.

Ал 100 жыл бұрын мұнда 2,5 мың адам тұрған көрінеді. Ал инфрақұрылым жағынан Кастропиньянода тек мейрамхана, бар, дәріхана және бірнеше қонақ үй бар. Сатып алушылар жылжымайтын мүлікті сатып алған күннен бастап оны үш жыл ішінде жөндеп, екі мың еуро көлемінде кепілдік жарна төлеуі керек. Ол барлық жұмыс аяқталғаннан кейін қайтарылады. Егер үй иесі белгіленген мерзімге үлгермесе, онда ақша муниципалитеттің бюджетіне түседі. Болжам бойынша мұндай қараусыз қалған ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу құны шамамен 30-40 мың еуродан басталады.

Қазір оқып жатыр

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды