Италияда көшеде маска тағып жүру міндеттелді  

Италияда коронавирустың күшеюіне байланысты Римде көшеде бетперде тағып жүру тәртібі қайта енгізіледі.

Алматы, NEGE. Шара дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Шешімге сәйкес бетпердені тағу 6 жастан жоғары тұрғындардың бәріне міндеттелмек. Тәртіп бұзғандарға 400 еуро айыппұл салынады. Айта кетейік, Италияда бұған дейін бетпердені тек жабық қоғамдық орындарда тағып жүру міндетті болған. Ал ресми дерек бойынша Апеннин түбегінде індет таралғалы 320 мыңға жуық адам вирусты жұқтырып, 35 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?