Италияда коронавирус жұқтырған екі турист анықталды

Италияға келген туристерден коронавирустық инфекция табылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді, деп жазады ANSA.

Ақпараттарға сүйенсек, инфекция 23 ақпан күні Қытайдан Миланға келген туристерден табылған. Олардың коронавирустың таралу ошағы болып саналатын Ухань қаласынан екендігі анықталып жатыр. Екі қытайлық турист аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде Римде болған. 

«Бізде инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікпен екі турист жеткізілді. Таралған ақпарат расталды. Өте қиын жағдай болғанымен, байбалам салудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда барлығы толық бақылауымызда» - деді премьер-министр.

Екі қытайлық азаматты оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылып жатыр. Олар мінген кемедегі 7 мыңға жуық турист қазір карантин аумағында. 

Сондай-ақ Контенің мәліметі бойынша, коронавирустың таралуына байланысты Италия Қытаймен арадаға барлық әуе рейстерін жапқан. 

«Біз Еуропада сақтық шараларын жүргізіп отырған алғашқы елміз», — деп атап өтті Конте.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті