Италияда коронавирус жұқтырғандар көбейді
Жаңа вирусты жұқтырғандар саны 79-ға жетті.
Алматы, NEGE. Италияның азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскенін хабарлады.
Оның айтуынша, коронавирус Италияның бес өңірінде анықталған. Елдің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған.
«Тағы 17 жағдай Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай - Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (бұлар қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте тіркелді» , - деді Борелли.
Оның айтуынша, 51 адам ауруханаға түскен, оның 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам - өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің симптомдары анықталмаған.
Естеріңізге сала кетсек, коронавирустан 21 ақпан Италияның Падуя қаласында бір адам қайтыс болған еді.