Италияда бір тәулікте мыңға жуық адам көз жұмды

Италияда соңғы тәулікте 969 адам қауіпті дерттен қайтыс болған.

Алматы, NEGE. Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметінше, бұл - пандемия басталғалы болған ең үлкен көрсеткіш. Оның арасында бір күн бұрынғы статистикаға қосылмай қалған 50 адам бар.

Италияда вирус жұқтырғандардың жалпы саны Қытайдағы көрсеткіштен әлдеқайда асып, 86 498 адамға жетті. Соңғы тәулікте елде 4401 адам жаңадан коронавирусқа шалдыққан.

Төтенше жағдай комиссары Доменико Аркури Римде өткен баспасөз конференциясында медициналық материалдарды жеткізуге әскери көлік, оның ішінде тікұшақ тартылатынын айтты.

Жоғары денсаулық институтының мәліметінше, Италияда эпидемия өршуі басылған жоқ, дегенмен оған дейін аз уақыт қалды. Оны жұқтыру қарқынының бәсеңдегеніне қарап білуге болады дейді институттағылар.

Қазіргі таңда қатерлі індетті жұқтырғандар арасында 93 151 адаммен АҚШ көш бастап тұр. Бірақ онда қайтыс болғандар саны аз - 1382 адам. 

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды