Италияда 16 миллион адам карантинге жабылған

Италияның солтүстігіндегі 15 аймақ толық карантинге жабылды. Италия үкіметі Covid-19 коронавирусын тоқтату үшін елдің солтүстігіндегі Ломбардия облысында қатаң карантин жариялады.

Бұйрыққа 7 наурыз түнде Италия премьер-министрі Джузеппе Конте қол қойды. Бұл туралы azattyq.org хабарлады.

Алматы. NEGE. Карантин ережесіне сай, жұрт жабық аймақтан тек рұқсатпен шыға алады. Ломбардия аймағына рұқсатсыз кірген я шыққан адамдарға айыппұл салынады.

Карантинге Милан, Венеция, Парма, Римини, Пьяченца сынды қаладағы 16 миллиондай адам жабылады.

Премьер Контенің бұйрығымен аймақтағы мектеп, университет, спорт залдарды, түнгі клубтар да жабылады. Үйлену тойлары мен түрлі мерекелік шараларға да шектеу қойылды. Тәртіп бұзғандар үш айға түрмеге қамалуы да мүмкін.

Бұл карантин 3 сәуірге дейін созылады.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?