Италияда қазақстандық вандализм үшін ұсталды

Ол өз есімін ежелгі тарихи қабырғаға жазған. Бұл туралы Euronews  хабарлады.

Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Алматы, NEGE. Қазақстандық турист Италиядағы Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің ежелгі қабырғасында ALI сөзін жазғаны үшін ұсталды. Ер адамға залалды қалпына келтіру міндеттеледі.

Мұражай кеңсесінің мәліметінше, қазақстандық азаматты сенбі күні таңертең қауіпсіздік қызметкерлері Цеев үйіндегі жеңіл сылаққа ALI әріптерін ойып салғаннан кейін ұстаған. Оқиға туралы саябақтың жанында орналасқан стационарлық карабинер постына хабарланған.

Деректерге сай енді турист сәулет ескерткішіне келтірілген залалдың орнын толтыруы шарт. Залалдың нақты сомасы техникалық сараптама жүргізілгеннен кейін айтылады.

Цеев үйі – 1913-1914 жылдары қазылған соңғы самниттік кезеңдегі (б.з. д. II ғасыр) ежелгі тұрғын үйдің сирек кездесетін мысалдарының бірі. Сол себепті мұрайжадағы қабырғалардың өзі ерекше бақылауға алынған. 

Қазір оқып жатыр

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды