Италия жыл соңына дейін туристерге шекарасын ашпайды

Италия жыл соңына дейін шетелдік туристерге шекарасын ашпайды. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Дарио Франческини La Repubblica газетіне берген сұхбатында айтты.

Алматы, NEGE. "Шекаралардың ашылуы әр мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы мен саясатына байланысты", - деді министр.  Франческинидің айтуынша, Италияда коронавирусқа байланысты жабылған музейлер мен басты көрнекі жерлер мамырда ашылуы мүмкін. 

Министр сондай көрнекі жерлердің бірі ретінде Колизей мен Помпеиді атады.  Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 192 994-ке жеткен. Оның ішінде 25 969 адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды