Италия үкіметі төтенше жағдай тәртібін ұзартпақ

Италияда індеттің қайта күшеюіне байланысты үкімет елде төтенше жағдай тәртібін ұзартуды көздеп отыр, деп хабарлайды "Хабар-24".

Алматы, NEGE. Премьер-министр Джузеппе Конте жуық арада парламентке осындай ұсыныс жасамақ. Шара індетпен тиімді күресу үшін қажет дейді үкімет басшысы. Апеннин түбегінде сәуір айынан бері алғаш рет 2 мың адамның вирусты жұқтырып алу дерегі тіркелді. Дерттің таралуының өсуіне байланысты Рим мен Лацио аймағында көшеде бетперде тағып жүру міндеттелді. Жалпы бұл елде індет таралғалы 320 мыңға жуық адам вирусты жұқтырып, дерттен 35 мыңнан астамы көз жұмды.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?