Италия соңғы 70 жылдағы ең ауыр құрғақшылықты бастан кешіп отыр

Италияда ауданы мен ұзындығы жағынан ең үлкен По өзені тартылып жатыр, деп хабарлайды ВВС ақпарат агенттігі.

Алматы, NEGE. Су тапшылығы диқандардың егінін құртуда. Бірнеше ай бұрын ғана жасыл жағалауды бойлай ағып жатқан өзен арналары қазіргі кезде шөлге ұқсаған. Италияның солтүстігіндегі құрғақшылық соңғы 70 жылдағы ең ауыры деп саналып отыр. Оған көктем мен жазда жауын-шашынның, ал қыста қардың аз жауғаны, жазда ауа температурасының жоғарылауы себеп болған. Шілде айының басында құрғақшылыққа байланысты Италияның солтүстігіндегі бес аймақта төтенше жағдай жарияланған. Ондаған муниципалитетте суды нормалау режимі енгізілген. По алқабындағы шаруалар өзеннің кей жерлері тартылып қалғанын, тағы бір учаскелерінде теңіздің тұзды суы ағынға өтіп, егінге зиян тигізіп жатқанын айтып отыр. По өзені Италияның солтүстігінде оңтүстік-батыс Альпіден Адриат теңізіне дейін 650 шақырымға созылған. Елдің ауыл шаруашылығы саласының үштен бір бөлігі дерлік осы өзенмен байланысты.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті