Италия Премьер-Министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Рим халқына қолдауы үшін алғыс айтты
Джорджа Мелони бұл туралы Twitter желісінде жазды.
Алматы, NEGE. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Астана мен Рим арасындағы тығыз ынтымақтастық пен оның әрі қарайғы дамуына ортақ қызығушылық танытқан жылы әңгімелесу болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа
Италиядағы су тасқынынан қаза тапқандарға байланысты біздің үкіметке көңіл білдіргені үшін алғыс білдіремін»,- деп жазды.
Мемлекет басшысының Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесуі кеше өтті.
Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқыланды.