Италия монархтарының тәжі 1,6 млн долларға сатылды

Италия және испан корольдерінің Савойя әулетіне тиесілі бриллиантты тәжі Швейцариядағы аукционда 1 миллион 600 мың долларға сатылды.

Алматы, NEGE. Әшекейлі бас киім бұған дейін саудаланғандардың ішіндегі ең қымбатына айналды. Ол үлкен бриллианттармен және табиғи меруерт тастармен безендірілген. Жәдігер XIX  ғасырдың аяғында сарай зергері Мария Виттория даль Поццо есімді ақсүйек қыз үшін қалың мал ретінде берілген.

Бойжеткен ол кезде Италия Королінің ұлы, Испанияның болашақ билеушісі Амалея Біріншіге тұрмысқа шығып жатқан. Брилиантты тәж әулет қорында 150 жылдан астам уақыт сақталған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті