Италия мен Францияны топан су басты
Италияның солтүстік-батысында қатты дауылдан кейін екі адам қаза тауып, тағы 25 адам хабар-ошарсыз кетті.
Алматы, NEGE. Мұнда Алекс дауылы қатты жел мен нөсер жаңбырға ұласып, су тасыды. Сондай-ақ Францияның оңтүстігіндегі Ницца қаласының айналасындағы бірқатар елді мекен зардап шекті. Италияның солтүстігінде жолдар мен көпірлерді су шайып кетті, ал бірнеше өзен арнасынан асты.