Италия дәрігері неліктен коронавирустан қайтыс болғандардың саны көп екенін айтты

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников Италияда неліктен коронавирустан қайтыс болғандардың саны көп екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Дәрігердің айтуынша, Италия билігі коронавируспен күресудің дұрыс әдісін таңдамады. Сондықтан ауруханаларда орын жетіспей, уақыт тиімсіз пайдаланылды. Ол Италияда вирус белгілері аса қатты байқалмағандардың барлығы үйге жіберілгендіктен дерт асқына түскенін айтады. Оның айтуынша, барлығын оқшаулап, ауруханаларда қалдыру қажет. 

"Үйде отыру" әдісі дұрыс емес: бірде туыстар келіп кетеді, бірде далаға серуендеуге шығып кетесің", - деп жазған дәрігер Telegram-каналында.

Айта кетейік, бүгінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны ең көп елдердің тізімінде Италия бірінші орында тұр. Соңғы мәліметтер бойынша Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 60 мың адамнан асты, ал қайтыс болғандардың саны 5 400 адамнан асты.

Қазір оқып жатыр

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды