Италия COVID-19 анықтайтын тестті 3,5 мың еуроға жасап жатыр
Италиялық жекеменшік клиникалар COVID-19 анықтайтын тестті 3,5 мың еуроға жасап жатыр.
Алматы, NEGE. Италиядағы жекеменшік клиникалар коронавирусты анықтайтын тестті 3,5 мың еуроға жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Қан тапсырған адам нәтижесін 12 сағаттан кейін біле алады. Мамандардың айтуынша, тесттің бұл түрі эпидемиологиялық зерттеу статистикасы үшін маңызды, сонымен қатар сапасы да жоғары.
Бұған қоса, коронавирусты жасырын тасымалдаушы науқастарды да анықтайды. Айта кетейік, жергілікті билік індетті анықтайтын тегін тестті халықтың барлығына ұсынуға қауқарсыз. Тексерісті тек ауру белгілері байқалған адамдарға ғана өткізеді.