Италия билігі мен ДДСҰ өкілдерінің басы дауға қалды

Италия пандемияға дайын болмаған. Оны жасыру үшін билік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сөз байласқан болуы мүмкін. The Guardian басылымы жүргізген зерттеу нәтижесі осындай, деп хабарлайды 24 kz.

Алматы. NEGE. Биыл 13 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында Италияның коронавируспен қалай күрес жүргізгені туралы 102 беттік есептемесі жария етілді. Бірақ келесі күні жойылған. Құжатта мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесінің індетке еш дайын болмағаны туралы айтылған. Алдын ала мәлімет бойынша, құжатты сайттан алып тастауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының, стратегиялық бастамалар жөніндегі орынбасарының қатысы болуы мүмкін. Енді прокуратура мұның бәрін растаса, Италияның 2013 жылдан бергі премьер-министрлері мен денсаулық сақтау министрлері жауапқа тартылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды