Италия 4 мамырдан бастап карантинді тоқтатпақ

Италия 4 мамырдан бастан карантин режимін тоқтатпақ. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабынан мәлім болды.

Алматы, NEGE. Жедел штаб таратқан мәліметке қарағанда, Италия Премьер-Министрі Джузеппе Конте Италия шектеулі карантин режимін бұдан әрі соза алмайтынын айтқан. Себебі бұдан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашарлауы мүмкін. Сол себепті мемлекет 4 мамырдан бастап біртіндеп карантин режимін тоқтатады. Жақын арада музейлер мен көрнекі орындар ашыла бастайды. Дегенмен, осы маусымда Италияда тек жергілікті халық қана демала алады. Шекара жыл соңына дейін жабық болмақ. 

Қазір оқып жатыр

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Алматыда науқастың ұлы жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қуған

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды