Ит тастанды сәбидің өмірін құтқарып қалды

Бұл оқиға Филиппин аралдарында болған. 24 желтоқсанда 36 жастағы Джунрелла Фуэнтеса мотоциклімен жүйткіп келе жатқанда, алдынан бір ит үріп шыққан. Иттің әлпетінен бір хабар бергісі келетінін ұққан.

Алматы, NEGE.  Джунрелла тоқтап, көлігінен түсіп, иттің соңынан ілескен. Ит оны қаланың қоқысы төгілетін жердің маңындағы шөптің үстінде іңгәлеп жылап жатқан сәбиге ертіп әкелген. Бала орамалға ораулы жатыр екен.  Филиппиндік баланы алып, жақын маңдағы ауруханаға әкелген. Сосын полицияға хабар берген. Сәби қазір әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығына алынған.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ