Істе мемлекеттік құпиялар бар: Козачковқа қатысты сот жабық өтіп жатыр
Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот мемлекеттік құпиялардың болуына байланысты БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтеді.
Алматы, NEGE. Журналист Михаил Козачковқа қатысты қылмыстық іс құпияланды.
Сағат 15.00-де Алматының тергеу сотында журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы басталды. Алайда, сот жабық өтіп жатыр.
«М.Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы арызды қарау жабық сот отырысында өтуде, өйткені ол мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады, таратты, жария етті деген күдікке ілінген», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.