Ыстанбұлдан ұшып келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды  

Атырауға «Ыстанбұл-Атырау» әуе рейсімен ұшып келген 20 жолаушы карантинге жатқызылды.

Алматы, NEGE. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың мәліметінше, «Ыстанбұл-Атырау» халықаралық әуе рейсімен 115 жолаушы ұшып келген. Олардың арасында 95 жолаушының ПТР-тестінің теріс қорытындысы туралы анықтама болған. Ал қалған жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылданды.

«Түркиядан әуе рейсімен ұшып келген 20 жолаушыда коронавирус инфекциясына ПТР-тест анықтамасы болмады. Сол себептен, олар ПТР-тест қорытындысы шыққанға дейін карантинде болады. Қазір Атырауда карантиндік стационар үшін екі нысан дайындалды. Бұлар – «Шағала» қонақүйі мен Атырау сервистік колледжінің ғимараты», -деп хабарлады Гүлназ Ербатырова. Оның айтуынша, ПТР-тест талдауын жасайтын зертханалар тәулік бойы жұмыс істейді. Еске салайық, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қазанның 5-інен 6-сына қараған түні әуежайлар халықаралық рейс жолаушыларын жаңа талаппен қабылдай бастады. Жолаушыларға сауалнама толтыру, термометриядан өту және ПТР-анықтаманы ұсыну міндеттелді. 

Қазір оқып жатыр

Рахат Тұрлыхановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады