Ыстамбулда жаралыс жасады деген күдікті ұсталды

Кеше Ыстамбұл көшесінде жарылыс жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу айтты.

Алматы, NEGE. Оның Анкара террорист деп санайтын Күрдістан Жұмысшылар партиясына қатысы бар деген болжам бар. Жарылысқа қатысы бар деген әйел іздестірілген болатын.

"Бұған дейін 21 адам ұсталған болатын. Бомбаны орналастырған адам қамауға алынды. Жақын арада бізге бұл азапты тарттырғандардың жазасын бұдан да ауыр азаппен қайтарамыз", - деп келтіреді оның сөзін телеарна.

Ол сондай-ақ зардап шеккен 81 адамның 50-і шығарылғанын, бесеуі реанимацияда, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты. Бұған дейін алты адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті