Ыстамбұлда бұрынғы әуежай алаңында жаңа аурухана ашылды

Ыстамбұл қаласындағы бұрынғы Ататүрік атындағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону алаңында жаңа аурухана ашылды.

Алматы, NEGE. Бір жарым айдың ішінде бой көтерген госпиталь коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеумен айналысады. Әуежай былтыр жаңа нысан салынғанына байланысты жабылып, тек жүк ұшақтарын қабылдап келген. Айта кетейік, Түркия билігі 1 маусымнан бастап індетке байланысты енгізілген бірқатар шектеу шарасы жеңілдетілетінін мәлімеген. Келесі айдан елде мейрамхана мен дәмханалар жұмыстарын жалғастырып, саябақтар мен жағажайлар ашылуы тиіс. Ал ресми дерекке сүйенсек, Түркияда қазірге дейін COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 161 мыңнан асып, дерттен 4,5 мыңға жуық науқас көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды