Ыстамбұл қар құрсауында қалды

Ыстамбұлда 2 күннен бері толассыз қар жауып, 16 миллиондай адам тұратын шаһар өмірінде қолайсыздық туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ең алдымен мектептер жабылды. Оқу орындары келесі аптада бір-ақ ашылады. Қала әкімшілігінің мәлімдеуінше, ақ ұлпаның қалыңдығы 50 сантиметрге жеткен. Ауыр қарды көтере алмаған жүздеген ағаш құлап, жолдарды жауып тастаған. Сондай-ақ көру ауқымы шектелгендіктен, Азия мен Еуропаның арасын жалғайтын Босфор бұғазындағы кеме қатынасы тоқтатылды. Күн минус 3 градусқа дейін суытқан. Метеорологтардың болжамынша, қар 18 ақпанға дейін толастамайды. Сондай-ақ мамандар желдің екпіні сағатына 80 шақырымға жетеді деп дабыл қағуда.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды