Мейрамханада виртуалды даяшы іске қосылды

Covid-19 әлем халқының өміріне көп өзгеріс әкелді. Ресми мәлімет бойынша Испанияда жыл басынан бері 40 мың бар мен мейрамхана жабылып қалған.

Алматы, NEGE. Тағы 85 мыңы осындай жағдайға тап болуы мүмкін. Сол себепті тамақтану орындары келушілердің вирусты жұқтырып алу қаупін төмендету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Мәселен, Жирона қаласының іргесіндегі мейрамханада «виртуалды даяшы» қызметі іске қосылған. Меймандар телефонындағы қосымша арқылы мәзірді қарайды, тапсырыс беріп, төлем жасайды. Ал даяшы қонақтарды тек тапсырысты әкелгенде ғана көреді. 

Мұны жергілікті халық өте ыңғайлы қосымша дейді. Тапсырысты бақылап отырасыз. Яғни оның қанша уақыт әзірленетінін, қашан дайын болатынын білесіз. 

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді