Испанияда жағдай күрделеніп барады
Испания астанасында коронавирустың өршуімен жағдай күрделене түсті. Мадрид ауруханаларында науқастардың қарасы көбейген.
Алматы, NEGE. Бірақ билік ауыр халде жеткізілген адамдардың саны көктемгі кезден әлдеқайда төмен екенін айтады. Денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла шектеу шаралары шаһардағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесуі тиіс деп отыр. Тұрғындар да «шектеулерді қатаңдатпай мәселені өзге жолмен шешу керек» дейді. Испанияда коронавирусты жұқтырғандар саны 900 мыңнан асқан.
Мадрид тұрғыны Хавьер Мойано: «Менің ойымша, індеттің таралуын тоқтату үшін адамдардың жиналуын бақылап, олардың әлеуметтік арақаштықтықты сақтауын қадағалау қажет. Бастысы, маска тағу мен арақашықты сақтау деп ойлаймын» деді.