Испанияда фермерлер көтерілді

Испанияда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жаппай шаруге шықты.

Шеру елдің бірнеше қаласында өткен. Ал халық ең көп жиналған қала – Валенсия.

Алматы, NEGE. Валенсиядағы шеруге 6 мың адам қатысқан. Олар 800-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларымен көшелерді жауып тастаған, деп хабарлайды Euronews

Осылайша, фермерлер биліктің назарын аударуды көздеп отыр. Олар үкіметтен көмек сұрайды. Негізгі талап – аграрлық сала тұралап қалмас үшін билік шаруаларға жәрдем беруі керек. Жәрдемнің негізгісі, шаруалар өндірген өнімді қабылдағанда, үкімет бағаны түсірмеуі керек.

«Сатып алу бағасы өнімнің өзіндік құнынан төмен болған кезде жұмыс істеу мүмкін емес. Біз шығынға батып барамыз. Билік пен қоғамның көмегіне сенеміз, әйтпесе жұмысты тоқтатамыз», - дейді белсенділер.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін