Испанияда біраз сала тоқырап тұр

Коронавирус пандемиясы Испанияның туризм саласының дамуын тежеп, шығынға батырды. Егер бұрын саяхатшылар жиі келетін Малага портты қаласы шет ел азаматтарына лық толы болса, бүгінде шаһардағы мейрамханалар, қонақүйлер мен ойын сауық орталықтар қаңырап бос тұр.

Бұл аздай жуырда жергілікті билік Испанияға келген әр азамат 14 күн карантинде болу керек деген талап қойды. Бұған туризм саласының өкілдері қарсы. Айтуынша, бұл онсыз да мүшкіл экономикаға кері әсерін тигізеді. Айта кетейік,  Батыстың дамыған елдерінің ЖІӨ-нің едәуір бөлігін туризм саласы құрайды. Енді Еуроодақ Италия, Грекия, Хорватия, Португалия мен Испаниядағы туризмнің тұралап қалмауы үшін жаңа жоспар әзірлеуде.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді