Испанияда 28 мың адам коронавирус құрбаны болды

Барселонадағы Саграда Фамилия шіркеуі есігін қайта ашты, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда оған кіру мүмкіндігі тек медицина қызметкерлеріне берілді.

Алматы, NEGE.  Осылайша шіркеу әкімшілігі індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандарға құрмет көрсетпек болған. Ал 18 шілдеден бастап әйгілі шіркеуге Барселона тұрғындары да бара алады. Және оған кіру жыл соңына дейін тегін болмақ. Айта кетейік, Испания әлем бойынша коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің қатарында. Осы уақытқа дейін бұл елде 200 мыңнана аса азаматтан инфекция анықталды. 28 мың адам вирус құрбаны болды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды