Испания премьері елдегі ТЖ режимін ұзартуды сұрап отыр

Испания Премьер-министрі Педро Санчес коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдайды маусымның 21-іне дейін созуды сұрады.

Алматы, NEGE. Айтуынша, бұл елдегі карантинді соңғы рет ұзарту шарасы болмақ. Осы мерзімнен кейін билік азаматтардың еркін жүріп тұруына рұқсат беруді жоспарлап отыр. Себебі елде дертті жұқтырғандар мен қайтыс болғандар көрсеткіші едәуір төмендеген. Айта кетейік, Испанияда коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай наурыздың 14-і күні енгізілген еді.

Қазір оқып жатыр

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды