Испания құрамасы әлем чемпионттарындағы рекордын жаңартты

Испания мен Германия құрамалары Қатардағы әлем чемпионатының екінші турында кездесті, деп жазады Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Е тобының аясында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, "қызыл фурия" аталмыш мундиальда сегізінші голын салды. Осыған дейін испаниялықтар Коста-Рика қақпасына жеті гол соққан еді. Бір қызығы, "пиренейліктер" осыған дейінгі әлем чемпионаттарында 8 гол салмаған еді. Тіпті әлем кубогін иеленген 2010 жылы Оңтүстік Африкадағы футбол тойында 7 гол салған болатын.

Енді турнирдің үшінші турында Жапония мен Испания және Коста-Рика мен Германия командалары кездеседі. Ойындар желтоқсан айының 1 жұлдызына жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды