Ислам Бозбаев екінші айналымда жеңіліп қалды

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әзірбайжандық қарсыласын ұта алмады. Мамадәлі Мехдиевпен өткен кездесу қосымша уақытқа (голден скор) дейін созылды. Қосымша уақытта отандасымыздың қарсыласы әдіс жасап, "вазар" ұпайымен Ислам Бозбаевты ұтты.

Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрама командасы Токио Олимпиадасын бір қола жүлдемен аляқтады. Ел қоржынына қола жүлдені Елдос Сметов ұтып алған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты