Іскерлік журналистикада қазақ аудиториясы артып жатыр

Алматыда өтіп жатқан ХІІ Media құрылтай барысында қазақтілді және орыстілді журналистиканың көтеретін тақырыбы сөз болды. Бұл туралы NEGE.KZ тілшісі хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұл тұрғыда Ratel.kz порталының бас редакторы Марат Әсіповтің пікірінше, біз 25 жылда үш тілде сөйлейтін жағдайға жеттік. «Алайда, бір ұжымдағы қазақ және орыс редакциясы екі әлем. Мәселен, Көкжайлау құрылысын салуға орыстілді журналистика қарсы болса, қазақтілді журналистика екіұшты ойлайды» дейді Марат Әсіпов.

Ал саясаттанушы Айдос Сарым: «Қазақ тілінде жарық көретін басылымдардағы мақалаларды орыстілді БАҚ дайджестпен тұрақты беріп тұрды. «Қазақ баспасөзіне шолу» деп аталды. 80 пайыз балалардың қазақ мектебінде білім алатынын ескеру керек. Өзім барлық газетті оқимын. Алайда, көп нәрседе сұрақ, леп белгісі, риторика көп. Эмоцияны жасыра алмаймыз. Сондықтан екі «әлемнің» принципі бөлек қала беретін шығар» деді.

Inbusiness.kz ақпараттық агенттігі директоры Мира Халина: «Қазақтілді БАҚ несиені жабу туралы жазса, орыстілді ақпарат құралы өз инвестицияңды қалай арттыру керектігін тәптіштеп береді. Бірақ соңғы кезде іскерлік журналистикада қазақ аудиториясы артып жатыр. Жарнама берушілер де көбейді» деді.

«Алаш Медиа Групп» бас директоры Батыр Қазыбаев кейбір пікірмен келіспейтінін жеткізді. «Қазақтілді БАҚ-та перспектива бар. «Алаш айнасы» газеті қандай газет еді? Жабылды. 80 адам жұмыссыз қалды. Ал «Жұлдыз.fm» радиосы дотациямен күн көреді, аудиториясы кең. «Massaget.kz» сапалы контент таратып отыр. Оқырманы көп. Бұлар орыстілді ақпарат құралынан кем бе?! Жоқ» деді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты