Іскерлік белсенділік индексі төмендеп кеткен

2021 жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймарданов түсініктеме берді.

Алматы, NEGE. «Бағалау нәтижесі бойынша, іскерлік белсенділік индексі шілдеде 0,8 пунктіге төмендеп, 50,8 (маусымда – 51,6) болды. Индекске қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 51,1-ге дейін (маусымда – 52,7) төмендеуі әсер етті, бұл карантин шектеулеріне байланысты іскерлік белсенділіктің нашарлауына, жаңа тапсырыстар санының қысқаруына және жеткізу мерзімінің ұлғаюына байланысты орын алды. Соған қарамастан, құрылыстағы көрсеткіш 50,1-ге дейін (маусымда – 47,6) ұлғайды, ал өнеркәсіпте 50,5 (маусымда – 50,4) болып, іс жүзінде өзгерген жоқ», - деді Ж. Шаймарданов.

Аймақтар арасында шілдеде 10 өңірде іскерлік белсенділік көрсеткіші жақсарып, 7 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейі Түркістан (58,8) мен Ақмола (57,8) облыстарында, неғұрлым төмен деңгейі – Шығыс Қазақстан облысында (40,8) көрініс тапты.

Биылғы шілдеде респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының нашарлағанын атап өтті.

Қазіргі бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 0,5 (маусымда – 4,7) болды, бұл Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан шектеу шараларын қалпына келтіруге байланысты орын алды.

Кәсіпорындар өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Бизнесті қорғау мәселелері мен салық жүктемесі теріс баға алды.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?