Ысқақовтың соты 24 тамызда басталады
Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қылмыстық ісіне қатысты сот процесі 24 тамызда басталады.
Алматы, NEGE. Бұрынғы әкімнің қылмыстық ісіне қатысты біраз жайттар белгілі болды. Ысқақовты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі, 2-пункті бойынша (аса ірі көлемде алаяқтық жасау) айыптаған.
М.Имандосов
М.Делмұханов
Ысқақовпен бірге қылмыстық жауапкершілікке бұрынғы орынбасарлары Мұрат Имандосов пен Марат Делмұханов та тартылып жатыр. Және тағы екі кәсіпкер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайылов та осы қылмыстық іс бойынша жауап береді.
Басты сот отырысы 24 тамызға белгіленді.